ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – ЖАУАПКЕРШІЛІК НЕГІЗІ
Каспий өңірі «Болашақ» колледжінде студенттер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесуге ҚР ІІМ Маңғыстау облысы Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының аға жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты А.Е. Жұмабай қатысып, студенттерге заң талаптары, құқықтық жауапкершілік және қауіпсіздік мәселелері бойынша түсіндірме берді.
Кездесу соңында студенттердің сұрақтарына жауап берілді.
Заңды білу – міндет, заңды сақтау – жауапкершілік!
#БолашақКолледжі #ЗаңЖәнеТәртіп #ҚұқықтықСауаттылық #МаңғыстауПолициясы