13 ақпан 2017 21:19 admin

Мамандандырылған аккредиттеу

 

БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АГЕНТТІГI (БСҚА)

 

Мамандандырылған аккредиттеу - білім беру ұйымы іске асыратын жекелеген білім беру бағдарламаларының сапасын бағалау

Мамандандырылған аккредиттеу рәсімі еуропалық және халықаралық стандарттарға сәйкес агенттікпен әзірленген. Аккредиттеу рәсімі келесі кезеңдерді қамтиды:

1- кезең

  • білім беру ұйымының агенттікке ТжКБ қызметінің қысқаша сипаттамасымен аккредиттеу тапсырысын беруі;

  • агенттік пен білім беру ұйымы арасындағы аккредиттеу жүргізу туралы шартқа қол қою. Шартта тараптардың құқығы мен міндеттері, рәсімнің құны, аккредиттеуді жүргізу мерзімдері көрсетіледі;

  • ТжКБ-мен өзін-өзі бағалау процесі, БСҚА белгілеген стандарттар мен нұсқаулықтарға сәйкес өзін-өзі бағалау туралы есепті әзірлеу жүргізіледі;

  • өзін-өзі бағалау есебінің алғашқы нұсқасын ұсыну және оны сараптау;

  • сыртқы аудит басталғанға дейін кем дегенде 2 ай бұрын агенттікке өзін-өзі бағалау есебінің қорытынды нұсқасын ұсыну.

2- кезең

  • сарапшылар тобының жұмыс бағдарламасы агенттік бекіткен сыртқы бағалау бойынша стандарттар мен нұсқаулыққа сәйкес жүргізіледі;

     

  • агенттік Қазақстанның ТжКБ ұйымдарының, жұмыс берушілердің өкілдері, студент құрамына енетін құзыретті сарапшылар (аудиторлар) тобын қалыптастырады;

  • топтың құрамы тапсырыс беруші ТжКБ ұйымына сыртқы аудитке дейін 1-2 ай бұрын хабарланады. ТжКБ ұйымы тарапынан аудиторлардың біріне теріс түсінік күдігі туындаған жағдайда, ТжКБ ұйымы жазбаша түсініктеме берілген хатты тіркей отырып, сарапшыны (аудиторды) ауыстыру үшін агенттікке өтініш беруге құқылы;

  • сарапшылар тобы өзін-өзі бағалау материалдарымен танысады, ТжКБ ұйымына барып, сыртқы аудит жүргізеді, соның негізінде сыртқы бағалау туралы есепті дайындап, агенттікке тапсырады;

  • ТжКБ ұйымында сыртқы аудитті жүзеге асыру 2-3 күн бойы жүргізіледі;

  • сыртқы сапар бойынша есеп пен ұсынымдарды сыртқы аудиторлар аудит басталған кезеңнен бастап 2 аптадан асырмай дайындайды, комиссия төрағасы немесе хатшысы оны агенттікке жолдайды;

  • БСҚА ТжКБ ұйымының қызметін бағалау бойынша сарапшылар (аудиторлар) тобынан алынған есепті, егер бар болған жағдайда білім беру ұйымына шағын дәлсіздіктерді жою үшін жолдайды;

  • ТжКБ ұйымы, қажет болған жағдайда сыртқы аудиттің қорытынды есебіне, егер дәлсіздіктер болса, аздаған түзетулер енгізуге құқылы.

3-кезең

  • Агенттік өзін-өзі бағалау материалдарымен және сыртқы аудит есебімен танысқаннан кейін Аккредиттеу кеңесіне қорытынды дайындайды;
  • Аккредиттеу кеңесінің шешім қабылдауы.

ЖШС «Каспий өңірі «Болашақ» колледжінің мамандандырылған аккредиттеу аясында өткізілген сыртқы бағалау (аудит) бойынша БСҚА сарапшылар тобының ескертулері мен ұсыныстарын жою жөніндегі түзетуші іс – шаралар жоспары