18 қыркүйек 2026 09:26 admin

 «ТАЛАНТТАРДЫ ТАНИМЫЗ!»

Каспий өңірі «Болашақ» колледжінде І курс студенттері арасында «Таланттарды танимыз!» атты шығармашылық байқау ұйымдастырылды. 

Байқаудың басты мақсаты – студенттердің бойындағы өнер мен шығармашылық қабілеттерін анықтап, қолдау көрсету, өз таланттарын ортаға салуға мүмкіндік беру.

І курс студенттері ән, би, көркем өнер және басқа да шығармашылық бағыттар бойынша өз өнерлерін көрсетіп, сахнада еркіндік пен белсенділіктерін танытты.

Әр қатысушыға – өз талантын танытуға мүмкіндік, әр өнерге – қолдау!

Бүгінгі жас талант – ертеңгі үлкен жетістік! 

#БолашақКолледжі #ТаланттардыТанимыз #ЖасТалант #1Курс #СтудентӨмірі #Шығармашылық #БолашаққаБірге