18 қыркүйек 2026 09:37 admin

«ОТБАСЫН САНАЛЫ ТҮРДЕ ҚҰРУ: ПАРАСАТТЫ ТАҢДАУ ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК»

Отбасы — қоғамның негізі, ал бақытты отбасының бастауы — саналы таңдау, өзара сыйластық және жауапкершілік. 

Осы маңызды тақырып аясында студенттердің ой-пікірін ортаға салып, өз көзқарастарын еркін білдіруіне мүмкіндік берген пікірсайыс ұйымдастырылды. 

Пікірсайыс барысында қатысушылар отбасы құндылықтары, жар таңдаудағы жауапкершілік, өзара түсіністік пен болашаққа саналы қадам жасау мәселелері бойынша пікір алмасты.

Пікірсайысқа қатысқан топтар:

ПИМНО-25

ПИМНО-25 с/о

СД-24

СЭЗ-24

ПИМНО-24

МЖП-23

Кураторлар:
Орынбасарқызы Ж., Пиримбетова С., Игібаева Т.Ө., Таджибалиева Г., Кабылова А., Бақбергенова И.

Саналы таңдау — берік отбасының бастауы!
Жауапкершілік пен сыйластыққа негізделген отбасы — жарқын болашақтың кепілі! 

#БолашақКолледжі #Пікірсайыс #ОтбасыҚұндылықтары #СаналыТаңдау #Жауапкершілік #Жастар #ТәрбиеЖұмысы