18 қыркүйек 2026 10:01 admin

«Жастар қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік»

Студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және өз ойын еркін жеткізу дағдыларын дамыту мақсатында «Жастар қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік» тақырыбында студенттік дебат ойыны өтті.

Пікірталасқа БҚ-25-1, БҚ-25-2, БҚ-25-3, ПО-25-4 және ЕТ-25 топтарының студенттері қатысып, өзекті мәселелер бойынша өз көзқарастарын ортаға салды.

Қатысушылар дәлел келтіріп, өз ойларын қорғап, қарсы пікірге жауап беру арқылы шешендік және сыни ойлау қабілеттерін көрсетті.

Қауіпсіз орта қалыптастыру – баршамызға ортақ жауапкершілік!

#ЖастарҚауіпсіздігі #ОртақЖауапкершілік #СтуденттікДебат #Дебат #Жастар #ҚауіпсіздікМәдениеті