08 қараша 2016 20:53 admin

Инженер оқытушылар құрамы

КОЛЛЕДЖДІҢ ИНЖЕНЕРЛІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚҰРАМЫ

 

«Каспий өңірі «Болашақ» колледжі ЖШС –оқытушылары студенттерге қолжетімді білім беру қызметінің басты ресурстарының бірі болып табылады. Колледждің жұмысқа қабылдау кезінде нақты, ашық және әділ талаптарды, жұмыспен қамту шарттарын және олардың біліктілігін арттыруды белгілейтін кадрлық саясаты бар.  

Сапа саласындағы саясат колледждің барлық қызметкерлеріне көрнекі үгіт әдістерімен, педагогикалық кеңес отырысы барысында барлық деңгейдегі түсіндірмелермен, қызметкерлердің жалпы жиналысын өткізу және жұмысқа қабылдау кезінде жеткізіледі.

Колледждің білім беру қызметін лицензиялауға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес инженерлік – педагогикалық қызметкерлері бар. Кадрлық әлеуетті талдау педагогикалық қызметкерлердің сапалық құрамы жеткілікт іжоғары және талаптарға сай екендігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

Педагогтерге арналған бос лауазымдарға және уақытша бос лауазымдарға арналған конкурсына қатысу туралы хабарландыру https://enbek.kz/kk/vacancy/3401772 электрондық  еңбек  биржасына тұрақты түрде жариялануда.

Конкурс "Білім туралы" ҚР Заңына, ҚР БҒМ 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығымен бекітілген Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалар лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына, ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 «жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерінің лауазымдары» Қағидалары негізінде жүргізіледі.

Конкурс негізінде орналастырылған оқытушыларды «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы  Денсаулық  сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚРДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама арқылы
1.Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;  2.Наркологиялық ұйымнан анықтама; 3.Соттылығы бар не жоқтығы туралы анықтамасы талап етіледі.

2024-2025 оқу жылында колледж инженерлік – педагогикалық құрамы 93 оқытушыны құрайды. Оның ішінде жоғары санатты оқытушы – 4, бірінші санатты оқытушы – 3; екінші санатты оқытушы – 1.

Сондай ақ,  педагог- зерттеуші – 3, педагог сарапшы – 3, педагог-модератор – 20, магистр саны 17 , 1 - ғылым докторы, 1 - PhDдокторы, 1 - профессор,  3 - ғылым кандидаты бар.

Колледждің штаттағы оқытушыларының жалпы оқытушылар құрамының үлесі белгіленген нормаларға сәйкес келеді.