«Бақытты балалық шақ!» атты қызықты мерекелік кеш
1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай Каспий өңірі "Болашақ" колледжінде колледж ұжымының балаларына арналған «Бақытты балалық шақ!» атты қызықты мерекелік кеш ұйымдастырылды.
Шара барысында «Балалық шақтың бояулы әлемі» атты суреттер байқауы, көңілді эстафеталар мен мергендік сайыс өткізілді. Балалар ертегі кейіпкерлерімен бірге флешмоб билеп, шахмат пен дойбы ойнап, көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған әсерлі сәттерге куә болды.
Үздік сурет иелеріне дипломдар табысталып, барлық қатысушыларға сыйлықтар үлестірілді. Балалардың шат күлкісі мен қуанышты жүздері мерекенің басты көркіне айналды.
Барша балаға бақытты балалық шақ, жарқын болашақ тілейміз! ????✨#БалалардыҚорғауКүні #1Маусым #БақыттыБалалықШақ #БолашақКолледжі #КаспийӨңірі #БалаларМерекесі #БалалықШақ #Бтәрбиебөлімі

.jpeg)

.jpeg)