18 мамыр 2026 17:27 admin

“Мәңгілік алау” ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

Каспий өңірі “Болашақ” колледжінің кураторлары М.Б.Темірбай мен А.Ж.Жақыпова студенттермен бірге “Мәңгілік алау” ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, ерлік пен елдікке тағзым етті.

“Мәңгілік алау” — батыр бабаларымыздың өшпес рухы мен Отан үшін жанын қиған қаһармандарға деген құрметтің символы. Осындай тарихи орындардың тағылымын білу, өткенге тағзым ету — әрбір жас ұрпақтың азаматтық парызы.

Жастардың бойында патриоттық рухты қалыптастыру, тарихи сананы нығайту және елге деген сүйіспеншілікті арттыру — тәрбиенің маңызды бағыты.

Бүгінгі тағзым — өткенге құрмет, болашаққа аманат.