Болашақ мамандығын саналы таңдауына көмектесетін шара өтті
Шетпе кентіндегі Алшын Меңдалыұлы атындағы №3 мектепте 9 сынып оқушыларына болашақ мамандығын саналы таңдауына көмектесетін шара өтті. Каспий өңірі "Болашақ" колледжінің бөлім меңгерушісі Г.Т. Узакбаева оқушыларға колледж қабырғасында оқытылатын мамандықтар, оқу процесі және студенттік өмір туралы жан-жақты мәлімет берді.
Оқушылар өздеріне қызықты мамандықтар бойынша сұрақтарын қойып, колледж тарапынан ұсынылатын білім беру бағдарламаларының ерекшеліктерін білді.
Мұндай кездесулер мектеп бітіруші түлектердің «қайда оқуға түссем екен?» деген сауалына нақты жауап табуға, мамандық таңдауда қателеспеуге көмектеседі.
#колледж#мектеп#ынтымақтастық#кәсібибағдар