Каспий өңірі «Болашақ» колледжіне Франция Республикасындағы «Galilée» кәсіптік лицейінің (Париж) басшысы мен студенттері ресми сапармен келді
2026 жылғы 6 сәуірде Каспий өңірі «Болашақ» колледжіне Франция Республикасындағы «Galilée» кәсіптік лицейінің (Париж) басшысы мен студенттері ресми сапармен келді. Сапар барысында шетелдік қонақтар колледждің білім беру үдерісімен танысып, студенттердің ұлттық құндылықтарды дәріптеу бағытындағы жұмыстарын тамашалады. Сонымен қатар, қазақ халқының ұлттық тағамдарынан дәм татып, мәдени шаралардың маңыздылығына ерекше назар аударды.Кездесу аясында тараптар өзара тәжірибе бөлісіп, кәсіби білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылады. Іс-шараның қорытындысы ретінде Каспий өңірі «Болашақ» колледжі мен Франциядағы «LYCÉE PROFESSIONNEL GALILÉE – PARIS» оқу орны арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Аталған меморандум кәсіби білім беру, педагогика және заманауи технологиялар салаларында екіжақты серіктестікті дамытуға бағытталған. Құжат шеңберінде бірлескен білім беру жобаларын іске асыру, тәжірибе алмасу және оқытудың озық әдістерін енгізу көзделеді.