06 қаңтар 2026 09:09 admin

Жақсылық жасау – жүректен!

“Күн – Нұр – Айы” қоғамдық қоры ұйымдастырған ерекше балаларға арналған жаңа жылдық кешке қолдау білдіріп, Каспий өңірі “Болашақ” колледжінің өзін-өзі басқару ұйымы игі іс жасады.

Сонымен қатар БББ-23, ФК-25 с/о, ФК-25, Қ-25-1, Қ-25-3 топтарының студенттері мен кураторлары
Наурызбаева Ж., Сәрсенғали М., Тінәлі Б., Қосымбаева Н., Игибаева Т.қайырымдылық жәрмеңкесін өткізіп, жиналған қаражатқа ерекше балаларға жаңа жылдық сыйлықтар табыстады.
А-24-1 тобының студенттері Аққайыңқызы А., Бердіханқызы А., Жәнібеков А. балаларға аквагрим жасап, балаларды қуантты. Студенттер мен кураторы М.Абдрахмановаға алғыс білдіреміз!
Осындай игі істер көп болсын!
Жақсылық жасау — әрқайсымыздың қолымыздан келеді.