«Интернеттегі қауіп пен кибер қылмыс: бір басқан із – мәңгі қалады»
«Интернеттегі қауіп пен кибер қылмыс: бір басқан із – мәңгі қалады» деген атаумен ағымдағы жылдың 7 қарашасында құқықтану мамандығының студенттеріне интернет қауіпсіздігі мен кибер қылмыстың алдын алу мақсатында ақпараттық кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында арнайы пәндер оқытушысы Ш.А. Конарбаева интернет кеңістігіндегі қауіптер, кибер қылмыс түрлері және одан қорғану жолдары туралы маңызды ақпараттар беріп, тақырыпты жан-жақты ашып көрсетті.
Шараның арнайы қонағы, Ақтау қалалық кәмелетке толмаған істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты А.Е. Нұрбергенова «Жасөспірім және жауапкершілік» тақырыбында баяндама жасап, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесу соңында арнайы пәндер оқытушысы А.К. Наврузбаева студенттер арасында тақырыпқа сай қызықты куиз ұйымдастырып, викториналық сұрақтар арқылы білімдерін бекітті.
Іс-шара мазмұнды да тартымды өтіп, студенттерге пайдалы ақпараттар мен жағымды әсер қалдырды.