14 қараша 2025 11:47 admin

«Ұстаз болу – жауапты іс»

Каспий өңірі “Болашақ” колледжінде «Ұстаз болу – жауапты іс» атты тренинг өтті.
Мақсаты: ұстаздарға психологиялық қолдау көрсету, ұжымда жылы қарым-қатынас пен жағымды ахуал қалыптастыру, кәсіби құлшынысты арттыру және жігерлендіру.

Тренингті колледж психологы Қайратова А.Қ. ұйымдастырды. Іс-шара барысында қатысушылар түрлі жаттығулар орындап, өз ойларын бөлісіп, шабыт пен серпін алды.

Ұстаздың көңілі көтеріңкі болса – шәкірттің білімі де нұрлы!