Ерлік пен Отан сүйгіштік – ұлт рухының негізі!
Каспий өңірі “Болашақ” колледжінің студенттері запастағы подполковник Жаулыбаев Берікқали Көкебайұлымен кездесті.
Кездесу барысында ардагер офицер жастармен өз өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, әскери қызметтің абыройлы да жауапты іс екенін айтты. Студенттер офицердің әңгімесінен үлкен өнеге алып, елге қызмет етудің қадірін түсінді.
Мұндай тағылымды кездесулер жас ұрпақтың бойында патриоттық рух пен елге деген сүйіспеншілікті қалыптастырады.