11 қараша 2025 10:05 admin

Дуальды оқыту жүйесі-кәсіби біліктілікті арттырудың жаңа мүмкіндігі

Бүгін Каспий өңірі «Болашақ» колледжінде жұмысшы мамандықтар жылына байланысты «Дуальды оқыту жүйесі-кәсіби біліктілікті арттырудың жаңа мүмкіндігі» тақырыбында арнайы пәндері оқытушыларына арналған семинар өтті.
Семинардың міндеті:
- Кәсіпорын, кәсіпкерлік палатасы, оқу орынымен бірлесіп әлеуметтік серіктестік орнату;
- Болашақ жас маманды оқу орны мен өндірісте қатар оқыту;
- Еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті жұмысшы мамандар дайындау.
Семинардың барысында Билашова Гульмира Смагуловна «Дәнекерлеу өндірісі саласындағы жаңа технологиялар» тақырыбында тәжірибесімен бөлісті. Әлжан Жансая Қонысбайқызы, Закарина Нұрзада Қожайқызы, Тоғай Нұрайна Қазанбайқызы оқу практикаларының барысымен таныстырып, студенттердің жетістіктерін айтып өтті. Абдрахманова Мәншук Якияқызы, Төлеуішов Аулет Айтбайұлы «Архитектура мамандығы бойынша дуальды оқыту жүйесі – кәсіби біліктілікті арттырудың жаңа мүмкіндігі» тақырыбында сөз сөйледі. Арнайы пәндері оқытушылары арасында пікір алмасу болып, өзекті мәселелер талқыланды. Колледжіміздің педагог-психологы Айсамал Қайратқызы педагогтерге тренингтер, ойындар өткізіп, жағымды сәттер сыйлады.