Жасанды интеллект және білім беру: болашақтың оқыту әдістері
Каспий өңірі «Болашақ» колледжінде «Жасанды интеллект және білім беру: болашақтың оқыту әдістері» тақырыбында педагогтерге арналған семинар өтті. Семинар барысында педагогтер жасанды интеллектті пайдалану арқылы оқыту әдісін дараландыруға жол ашты, яғни әрбір студенттің қабілетіне сәйке соқыту бағдарламалары мен тапсырмаларын жасап үйренді. Оқу процесінде, тәрбие жұмысында жасанды интеллектті қолданудың көптеген тиімді мысалдарын келтіріп, семинар модераторлары өз тәжірибелерімен бөлісті.