Ынтымақтастық меморандумы жасалды!
Маңғыстау облысының білім басқармасының Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің “№8 жалпы білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры А.Ж. Адылханов пен Каспий өңірі “Болашақ” колледжінің басшысы Г.М. Қаламқали өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Бұл келісім – білім беру сапасын арттыру, тәжірибе алмасу және жастардың кәсіби бағыттылығын дамытуға бағытталған маңызды қадам.