Эко-жоба: “Қақпақтан жасалған карта”
Таза Маңғыстау 45 күндік челлендж он бірінші күнінде Каспий өңірі Болашақ колледж студенттері өз туған жерінің картасын жасады. Қоршаған ортаны қорғау және тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу мәдениетін қалыптастыру мақсатында 720 дана бөтелке қақпақтарынан Маңғыстау облысының картасын жасалды. Бұл жоба – табиғатты аялауға бағытталған экологиялық және патриоттық тәрбиенің көрінісі. Қақпақтарды жинау...