“Жақсы көңіл күй — жан азығы”
1-курс студенттерімен ерекше тренинг өтті! Тренингтің мақсаты — жастар арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу, қатысушылардың эмоционалдық көңіл-күйін көтеру, шаршағандықты жеңілдету және жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру. Студенттер түрлі психологиялық жаттығулар орындап, позитивті ойлау мен өз-өзіне сенімділікті арттырудың маңызын түсінді. Бәрімізге белгілі: жақсы көңіл күй — жанның қуаты, өмірдің кілті! Ұйымдастырушы педагог-психолог:...
«Ұстаз болу – жауапты іс»
Каспий өңірі “Болашақ” колледжінде «Ұстаз болу – жауапты іс» атты тренинг өтті. Мақсаты: ұстаздарға психологиялық қолдау көрсету, ұжымда жылы қарым-қатынас пен жағымды ахуал қалыптастыру, кәсіби құлшынысты арттыру және жігерлендіру. Тренингті колледж психологы Қайратова А.Қ. ұйымдастырды. Іс-шара барысында қатысушылар түрлі жаттығулар орындап, өз ойларын бөлісіп, шабыт пен серпін алды. Ұстаздың көңілі...
“Тілім менің – мерейім!”
БББ-25 с/о тобының ұйымдастыруымен «Тілімменің – мерейім» тақырыбында тәрбиелік шара өтті. Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік тілді құрметтеу, оның мәртебесін көтеру және жастардың тілге деген сүйіспеншілігін арттыру. Тіліміз – тәуелсіздігіміздің тірегі, ұлтымыздың рухы! Ббб-25 с/о тобы, кураторы Отесинова Д.М
Ерлік пен Отан сүйгіштік – ұлт рухының негізі!
Каспий өңірі “Болашақ” колледжінің студенттері запастағы подполковник Жаулыбаев Берікқали Көкебайұлымен кездесті. Кездесу барысында ардагер офицер жастармен өз өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, әскери қызметтің абыройлы да жауапты іс екенін айтты. Студенттер офицердің әңгімесінен үлкен өнеге алып, елге қызмет етудің қадірін түсінді. Мұндай тағылымды кездесулер жас ұрпақтың бойында патриоттық рух пен елге деген...
Білім саласындағы жаңа серіктестік!
Каспий өңірі “Болашақ” колледжінің басшысы Г.М. Қаламқали мен Маңғыстау ауданы “Тұщыбек мектеп-бөбекжай кешенінің” директоры А.С. Жұбандықова өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл келісімнің мақсаты – білім беру ұйымдары арасындағы әріптестік байланыстарды нығайту, тәжірибе алмасу және жас ұрпақты кәсіби бағдарлау бағытында бірлескен жұмыстарды жүзеге асыру. Ынтымақ пен бірлескен еңбектің арқасында...