8 наурыз - халықаралық әйелдер күні
Каспий өңірі “Болашақ” колледжінде 8 наурыз - халықаралық әйелдер күніне орай салтанатты жиын ұйымдастырылды. Колледж басшысы Г. М. Қаламқали әйел азаматтарды құттықтап, марапаттар табыстады. Ер азаматтар мерекелік көңіл күй сыйлады. “Тұмарым”, “Шоқ қыздар”, “Қызғалдақ”,” Мираж”, “Романтик” атты колледж әкімшілігі мен ұстаздардан құрылған командалар сайысқа түсіп, актерлік шеберлігін керемет көрсетті.
“Достық” үйінде Алғыс айту күні
Ақтауда “Достық” үйінде Алғыс айту күніне орай іс-шара ұйымдастырылды. Каспий өңірі «Болашақ» колледжінің оқытушылары мен студенттері де өз үлестерін қосты. Бүгін 1 наурыз – елімізде жалпыхалықтық мереке – Алғыс айту күні. Бұл күні қазақстандықтар бір-біріне құрмет көрсетіп, ризашылық білдіреді. Шуақты көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін мерекеде Қазақстандағы өзге этнос өкілдері қиын-қыстау...
Каспий өңірі «Болашақ» колледжінде ЭТМ-21 тобында кураторы Г.Т.Ұзақбаева «Алғыс айту-парызым» атты тәрбие сағатын ұйымдастырды.
1 наурыз – елімізде жалпыхалықтық мереке – Алғыс айту күні. Бұл күні қазақстандықтар бір-біріне құрмет көрсетіп, ризашылық білдіреді. Шуақты көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін мерекеде Қазақстандағы өзге этнос өкілдері қиын-қыстау кезеңде құшақ жая қарсы алған кеңпейіл де қонақжай қазақ халқына алғыс айтады. Алғыс айту – адамдар арасындағы сенімді, сыйластықты арттыратын құрал....