
1-курс студенттерінің арасында «Болашақ сұлтаны – 2025» байқауы
Каспий өңірі «Болашақ» колледжінде жігіттерді батырлыққа, шешендікке, тапқырлыққа, адалдыққа тәрбиелеу және бойындағы өнерімен дарындылығын, төзімділігін дамыту мақсатында 1-курс студенттерінің арасында «Болашақ сұлтаны – 2025» байқауы ұйымдастырылды. Байқауда 4 кезең бойынша 7 жігіт сынға түсті. Қорытынды нәтиже бойынша Қ-24-2 тобының студенті Тезекбай Ерасыл, БҚ-24-2 тобының студенті Төлеген Бақытжан, ПО-24-5 тобының студенті Бауыржан Даурен «Әдепті сұлтан», «Парасат иесі», «Сахна жұлдызы» номинацияларын иеленсе, 3-орынды СЭЗ-24 тобының студенті Исатай Алтынбек, 2-орынды А-24-1 тобының студенті Қожамбет Ерсұлтан, 1-орынды СД-24 тобының студенті Садуов Нұрдаулет қанжығасына байлады. Бас жүлдені жеңіп алып, «Болашақ сұлтаны» атанған Қ-24 о/б тобының студенті Төреғалиұлы Қыдырәлі. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!