«АNA.Qogam.Bolashaq» атты халықаралық форум
Студенттердің ұлттық құндылықтар мен тарихи-мәдени мұраға деген құрметін арттыру, қоғамдық өмірге белсенді қатысуына ықпал ету, сондай-ақ қазақ мифологиясы мен ел тарихына қатысты білімдерін тереңдету. Форумға қатысу арқылы болашақ мамандардың рухани-адамгершілік тәрбиесін нығайту және Серікбол Қондыбай мұрасымен танысу арқылы отансүйгіштік сезімдерін дамыту мақсатында Каспий өңірі «Болашақ» колледжінің БББ-23 тобының студенттері арнайы пәндер оқытушысы М.Тасжановамен Республикалық аналар кеңесі ұйымдастыруымен өткен «АNA.Qogam.Bolashaq» атты халықаралық форумға қатысып, Серікбол Қондыбай мемориалдық музейінің көрмесімен танысты.