14 мамыр 2025 16:26 admin

«Жеңіске құрмет – саппен жүру, әнмен естелік»

Каспий өңірі «Болашақ» колледжінде тәрбие жұмысының және АӘД жетекшісінің жоспарына сәйкес Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай жастардың бойында отансүйгіштік қасиетті қалыптастыру, тарихқа тағзым ету, ардагерлердің ерлігін құрметтеу, сондай-ақ жастарды саптық дайындық пен патриоттық әндер арқылы әскери-патриоттық рухта тәрбиелеу мақсатында «Жеңіске құрмет – саппен жүру, әнмен естелік» тақырыбында патриоттық іс-шара ұйымдастырылды. Шараға Мұнайлы ауданы білім бөлімі бойынша №14 жалпы білім беретін мектебінің АӘД пәнінің мұғалімі және Ауған соғысының ардагері  Бектілеуов Салауат қатысты. 
Ұйымдастырушы: Ж.Қ.Сарыбаев
Қатысушы топтар: Қ-24-1, Қ-24-2, БҚ-24-1, СЭЗ-24, ПО-24-5