Қыз бала – ұлттың көркі, әдеп пен ибалылықтың символы...
Қыз бала – ұлттың көркі, әдеп пен ибалылықтың символы. Қыз – отбасының гүлі, қоғамның нәзік те мықты тірегі. Қазақ халқы ежелден қызды ерекше құрметтеген, “Қыз өссе – елдің көркі” деп оның тәрбиесіне ерекше мән берген. Қыздар – мейірімділік пен сұлулықтың иесі ғана емес, олар – білімді, қайратты, еңбекқор ұрпақтың өкілі. Қазіргі заманда қыздар ғылымда, өнерде, спортта, білім мен тәрбиеде үлкен жетістіктерге жетіп жүр. Олар – болашақ ана, болашақ ұрпақтың тәрбиешісі. Қыз баланың тәрбиесі – ұлт тәрбиесі. Сондықтан әрбір қыз ибалылықты, инабаттылықты, адалдық пен ар-ұятты бойына сіңіріп өсуі тиіс. Қыз тәрбиесі – елдің болашағына жол ашады.