14 мамыр 2025 10:33 admin

Әлия мен Мәншүк – бірін-бірі толықтырып, әрі бірін-бірі байы­тып тұрған тұлғалар...

Әлия мен Мәншүк – бірін-бірі толықтырып, әрі бірін-бірі байы­тып тұрған тұлғалар. Екеуінің қанды майдан қырғынға кірген жерлерінің арасы да бір-бірінен қашық емес. Әлия Псков облысының Новосокольники қаласында ерлікпен қаза тапса, Мәншүк ең алдымен Ржев облысында ұрыс даласына кіріп, кейіннен Тверь губерниясының Невель қаласында соңғы ерлігін жасап, жауға тойтарыс берді. Атал­ған екі қаланың арасы 60 шақырым ғана. Мәншүкке Кеңес Ода­ғы­ның Батыры атағы 1943 жылы берілсе, Әлия оны бір жыл өткен соң, яғни 1944 жылы иеленген.