Мәншүк Мәметова
Мәншүк Мәметова адамзат тарихына есімін қанмен жазып кеткен қазақтың қайсар қызы. Оның өмірі мен ерлігі турасында талай тағылымды естеліктер жазылды, жазыла да бермек. Өйткені, ерлік тарихы мәңгілік тақырып. Мәншүк миллиондаған адамдардың бейбіт тірлігі жолында өз өмірін құрбан еткендердің бірі. «Қазақ батыры» десек кез келген адамның көз алдына қасқыр секілді сұсты мінезді ержүрек, мықты, бүркіт сияқты қырағы жігіт елестейді. Бірақ соғыста әйел адамдардың да ерлік көрсеткенін білеміз. Солардың бірі батыр атағын арқалаған қазақтың нәзік пулеметші қызы Мәншүк Мәметова. Ол Кеңес Одағының батығы атағын алған алғашқы қазақ қызы.