13 мамыр 2025 16:28 admin

«Әлі есімде біледі жұрт біледі...

«Әлі есімде біледі жұрт біледі,
Ел басына қатер төнген жыл еді,
Қимастарын қан майданға ұзатып,
Қарс айырылған аналардың жүрегі.
О, Аналар! Осындайсың бәрің де,
Осындайсың жасың менен кәрің де»
Сыйынатын болса өмірде Құдірет,
Сыйынар ем Ана деген Тәңірге!» – деп басталатын ән 70-жылдардың орта тұсында күллі қазақ даласына тарады. Жұртшылықты жылатты. Естігендер егілді. Тыңдағандар тебіренді. Ән әлі күнге дейін көпшіліктің көңілінде. Әсіресе Жеңіс мейрамында міндетті түрде шырқалады. Айтыла беретіні де күмәнсіз. Өйткені бұл ән – қатыгез уақытпен бетпе-бет келгенде қиындықты қайсарлықпен жеңе білген қазақтың мыңдаған қарапайым әйелдерінің рухына деген Ұлы тағзым!