Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай “Жеңіс рухы - ұрпақ қолында” тақырыбында спорттық сайыс
Студенттерді салауатты өмір салтын ұстануға баулу, патриоттық рухты оятып, Жеңіс күнінің маңызын ұғындыру арқылы елін, жерін сүйетін, рухы мықты, дені сау ұрпақ тәрбиелеу. Сонымен қатар, ұжымдық жұмысқа, достыққа, ұйымшылдыққа баулу және спорт арқылы болашақ ұрпақты батыр бабалар ерлігін үлгі етуге тәрбиелеу мақсатында Каспий өңірі “Болашақ” колледжінде тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес дене тәрбиесі жетекшісі Н.А.Майрамбаев пен Студенттік өзін-өзі басқару ұйымының “Спорт және салауатты өмір салты” фракциясының жетекшісі СЭЗ-22 тобының студенті Оңғар Тәңірбергеннің ұйымдастыруымен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай “Жеңіс рухы - ұрпақ қолында” тақырыбында спорттық сайыс өткізілді.
Шара нәтижесінде 1-орынды ФК-24, 2-орынды БҚ-24-3, 3-орынды СД-24 топтары иеленді.
Қатысушы топтар: БҚ-24-1,2,3,4 ПО-24-5, А-24-2, СЭЗ-24, СД-24, ФК-24, СКП-24