13 мамыр 2025 15:30 admin

Каспий өңірі “Болашақ” колледжінде Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай 1-курстар арасында “Ұрпақтар легі - Жеңіс ізімен” патриоттық-спорттық ойын ұйымдастырылды.

Студенттерге Отансүйгіштік рухты сіңіру, Ұлы Жеңіс қаһармандарын еске алып, олардың ерлігін құрметтеу, жастарды батылдыққа, ептілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Каспий өңірі “Болашақ” колледжінде Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай 1-курстар арасында “Ұрпақтар легі - Жеңіс ізімен” патриоттық-спорттық ойын ұйымдастырылды. Шараға Ауған соғысының ардагері С.Нұрекешов қатысып, қазылар алқасының қатарында болып, студенттерді бағалады. 
Ұйымдастырушылар: тәрбие бөлімі, АӘД жетекшісі, дене тәрбиесі пәні оқытушылары
Қатысушы топтар: БҚ-24-1, БҚ-24-2, Қ-24-1, СД-24, СЭЗ-24, ПО-24-5