
"Құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу"
Каспий өңірі "Болашақ" колледжінде тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес "Құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу" тақырыбында кездесу болып өтті. Кездесуге Ақтау қаласы бойынша кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспектор Бердіхан Ақжол Қуандықұлы, криминалдық полицияның кіші жедел уәкілі Түгелбай Ержан Дузелбайұлы, учаскелік полиция инспекторы Шауенов Тимур Усенович қатысты. Кездесу барысында студенттерге құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу жөнінде пайдалы ақпараттар айтылды. Ақжол Қуандықұлы өз сөзінде: "Түнгі рейдтер мен құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары қоғамда тәртіпті сақтауға және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге маңызды рөл атқарады. Мұндай шаралар әдетте жергілікті құқық қорғау органдары, полиция, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтер, қала әкімдігі және басқа да уәкілетті органдармен бірлесіп жүргізіледі. Құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін арнайы рейдтер ұйымдастырылады, мұндай рейдтердің мақсаты – темекі шегу, қоқыс тастау, қоғамдық орындарда құқық бұзушылық жасау, ұрлық сияқты әрекеттердің алдын алу. Рейд барысында полиция қызметкерлері мен жергілікті әкімдік өкілдері түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, заң бұзушыларға ескертулер мен айыппұлдар қолдана алады" - деп мәлімдеме жасады. Учаскелік полиция инспекторы Шауенов Тимур Усенович түнгі рейдтердің ұйымдастырылуы мен мақсатын түсіндірді. Криминалдық полицияның кіші жедел уәкілі Түгелбай Ержан Дузелбайұлы қылмыс деңгейін төмендету және қоғамда қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында қылмыстың алдын алу шаралары, оның ішінде профилактикалық іс-шаралар, құқық бұзушыларды анықтау және оларды заңды жауапкершілікке тарту бойынша жүргізілетін жұмыстарды баяндады. Кездесу барысында түнгі рейдтердің тиімділігін арттыру үшін қосымша ресурстар мен стратегияларды жетілдіру қажет екені анықталды. Құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарының нәтижелері жақсарып келе жатқанымен, әрдайым жаңашылдық пен қоғаммен белсенді жұмыс істеу маңызды. Инспектор алдағы уақытта құқық бұзушылықтарды болдырмау бойынша жұмыстарды одан әрі жалғастыратындарын мәлімдеді. Студенттер мен оқытушылардың сұрақтарына жауап беріп, кездесу қорытындыланды.