2024-2025 оқу жылының № 5 Педагогикалық кеңес
Каспий өңірі «Болашақ» колледжінде 2024-2025 оқу жылының № 5 Педагогикалық кеңес отырысы өтті. Педагогикалық кеңесті күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша “Өрт қауіпсіздігі туралы” тақырыбындағы баяндамамен басшының шаруашылық жұмыстары жөніндегі орынбасары Д.Е. Утебалиева, алғашқы әскери даярлық пәні ұйымдастырушы– оқытушысы Д.К. Сарыбаев бастады. 2024-2025 оқу жылының 1-ші семестрі бойынша колледждің тәрбие жұмысының есебі бойынша басшысының тәрбие жөніндегі орынбасары Г.Б.Джакаева, 2024-2025 оқу жылының 1-ші семестрі бойынша колледждің оқу бөлімі жұмысының есебі бойынша басшысының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Д.Ж.Бинеубаева, 2024-2025 оқу жылының 1-ші семестрі бойынша колледждің өндірістік тәжірибе жұмысының есебі бойынша басшысының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары Н.О.Алимбетова, 2024-2025 оқу жылының 1-ші семестрі бойынша колледждің оқу-әдістемелік жұмысының есебі бойынша басшысының оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары Ж.К.Улыкманова, “Студенттердің әлеуметтік жағдайы” бойынша педагог-психолог Г.К.Көшербаева, әлеуметтік педагог М.Д.Тасжанова, мамандар бөлімінің есебі бойынша мамандар бөлімінің меңгерушісі Ш.А.Конарбаева баяндама жасап, АӘД пәнінің ұйымдастырушы-оқытушысы Д.К.Сарыбаев “Патриоттық тәрбие” бойынша есебімен аяқтады. Педагогикалық кеңес отырысы соңында әртүрлі мәселелер тыңдалды.