Өмірге "ИӘ" деп айт
Каспий өңірі "Болашақ" колледжінде тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес СЭЗ-22 тобында "Өмірге "ИӘ" деп айт" тренингі ұйымдастырылды. Тренингтің мақсаты – адамдарға өз өмірін өзгертуге және жаңа мүмкіндіктерге ашық болуға көмектесу. Бұл тренинг адамның өміріне позитивті көзқарасты қалыптастыруға, ішкі кедергілерді жеңуге, және жаңа дағдыларды меңгеруге бағытталған.
Тренинг барысында қатысушылар:
Өздерінің сенімдері мен көзқарастарын қайта қарастырып, оларды қолдайтын әрі дамытатын жаңа көзқарас қалыптастырады.
Қиындықтарға қарсы тұруға және өзгерістерге бейім болуға үйренеді.
Өмірде өз мақсаттарына жету үшін қажетті мотивация мен ішкі ресурстарды анықтап, оларды тиімді қолдануды меңгереді.
Позитивті ойлау, өзін-өзі бағалау және сенімділік сияқты маңызды дағдыларды дамытуға мүмкіндік алады.
Жалпы, тренинг адамның өмірге деген қарым-қатынасын өзгертуге, қорқыныштар мен күмәндерді жеңуге бағытталған. Ұйымдастырушылар: Л.Б.Есеева, Г.К.Көшербаева