"Қасиетті домбыра" тақырыбында дәріс
Каспий өңірі "Болашақ" колледжінде Өзін-өзі басқару ұйымының мүшесі, мәдениет және өнер фракциясының жетекшісі Абад Еркебұлан талантты студенттерге "Қасиетті домбыра" тақырыбында дәріс өткізді. Мақсаты: Домбыраның шығу тарихы, құрылымы және түрлері туралы мағлұмат беру. Қазақтың күй өнері мен күйшілері туралы білімдерін кеңейту. Домбыраның қазақ халқының рухани өміріндегі рөлі мен маңызын көрсету. Студенттердің ұлттық өнерге қызығушылығын арттыру. Музыкалық талғамын қалыптастыру және эстетикалық сезімдерін дамыту. Қазақтың дәстүрлі өнерін насихаттауға ынталандыру. Ұлттық сана-сезімді қалыптастыру және рухани тәрбие беру.