04 ақпан 2025 10:43 admin

«Ойын құмарлықтың зардаптары»

Каспий өңірі "Болашақ" колледжінде тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес «Ойын құмарлықтың зардаптары» тақырыбында арнайы маманмен кездесу ұйымдастырылды. Кездесудің мақсаты - ең алдымен, ойын құмарлықтың психологиялық, әлеуметтік және экономикалық зардаптарын түсіну және осы тәуелділіктен зардап шегетін адамдарға көмек көрсету жолдарын қарастыру. Сонымен қатар, осы кездесу барысында:
Ойын құмарлықтың белгілері мен себептері: Мамандар ойын құмарлықтың негізгі белгілерін анықтап, оған әсер ететін факторларды түсіндірді.
Ойын құмарлықтың салдары: Қаржылық қиындықтар, әлеуметтік қатынастардың бұзылуы, психологиялық денсаулықтың нашарлауы сияқты мәселелер туралы ақпарат берді.
Тәуелділіктен арылу жолдары: Көмек көрсету әдістері, реабилитация, психотерапия және қолдау топтарының маңыздылығы жөнінде кеңестер берілді.
Қоғамдық білім беру және алдын алу: Ойын құмарлықтың алдын алу шаралары мен жастарды ақпараттандырудың маңызды екенін түсіндірді.
Мұндай кездесулер ойын құмарлығының қауіптілігін түсіндіру мен оған қарсы күресудің тиімді жолдарын ұсынуға бағытталды.