"Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!" тақырыбында челлендж
Каспий өңірі "Болашақ" колледжінде тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес СЭЗ-22 тобы "Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!" тақырыбында челлендж ұйымдастырды. Мақсаты — қоғамда зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қарсы тұру және оның алдын алу, сондай-ақ адамдарға бұл мәселеге деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру. Мұндай челлендж адамдарды тек зорлық-зомбылық туралы айтуға емес, оның салдары мен қоғамдағы орны туралы түсінік алуға шақырады. Ол қатысушыларды позитивті өзгерістер жасауға, бір-біріне құрметпен қарауға, сенім және ынтымақтастықты нығайтуға ынталандырады. Сонымен қатар, бұл челлендж зорлық-зомбылыққа қарсы күрестің маңыздылығын кеңінен насихаттауға мүмкіндік береді.
Куратор: Есеева Л.Б.