"Қыз тәрбиесі-қоғам тәрбиесі"
Каспий өңірі "Болашақ" колледжінде "Қыз тәрбиесі-қоғам тәрбиесі" тақырыбында ПиМНО-22-1,2 с/о тобының студенттерімен пікірталас ұйымдастырылды. Мақсаты: қыз балаларды адамгершілік, инабаттылық, имандылық, байсалдылық қасиеттерге баулу. Гендерлік теңдік туралы ақпарат беру. Қоғамда орын алған келеңсіздіктердің алдын алуда әңгімелесу жүргізу.