Жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыздығы
Каспий өңірі «Болашақ» колледжінде тәрбие бөлімінің жоспарына сәйкес, жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында студенттерге жол ережесін сақтау жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Скутер, мопед және мотоцикл қазіргі уақытта кәмелеттік жасқа толмағандар арасында ерекше қызығушылық тудыратын көлік құралының бірі болды. Олар аталған көлікті жүргізгенде қауіпті жағдай туралы ойламайды. Мотоциклді 18 жасқа толған “А” санатты басқару құқығы бар азамат жүргізе алады. Міндетті түрде шлем (каска) киіп, жылдамдықты асырмауы, жол ережесін сақтауы тиіс. Баланың қауіпсіздігі басты орында. Кәмелетке толмаған балалар мотоцикл жүргізсе, кәмелетке толмағандардың тәрбиесі жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын, балаға екі дөңгелекті көлік сатып алмас бұрын, жол ережесін мұқият оқып шығу қажеттігін ескеру керектігі айтылды. Балалар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу тек полицияның және оқу орындарының міндеті емес. Тәрбие отбасынан бастау алады. Сондықтан тәртіпті болуды, заңнан аттамауды бала отбасынан үйренуі тиіс.