1 Қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты шара
Бүгін Каспий өңірі "Болашақ" колледжінде 1 Қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты шара болып өтті. Салтанатты шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнімен басталып, 1-курс студенттері топ жетекшілерімен таныстырылды. Колледж әкімшілігі мен ата-аналар жылы лебіздерін білдіріп, құттықтау тілегін арнады. Жиынға қатысушыларға мерекелік көңіл күй сыйлау үшін әннен шашу шашылып, күмбірлеген күй тарту етілді.
"Ата-ананың тәрбиесі – бала мінезінің іргетасы", - дегендей колледжіміздің 1-курс студенттерінің ата-аналарының құттықтау тілегі. Мерекелік шарамыздың сәнін келтіріп, “Сүгірдің термесі” әнін орындаған 1-курс студенті Абад Еркебұлан.
"Әнге әуес, күйге құмар бала жаны сұлу, өмірге ғашық болып келеді",-деп Мұхтар Әуезов айтқандай мерекелік күнді халық күйі "Тепенкөкпен" әрлеген 1-курс студенті Есенқызы Фарида.
1-курс студенті Абад Еркебұлан мен 2-курс студенті Калманова Майгүл алғашқы қоңырау соғу рәсімін жасады. Шара соңында ұстаздар мен ата-аналарға және студенттерге жаңа оқу жылына сәттілік тілеп, суретке түсіп, жоғары көңіл күйде тарасты.