03 қыркүйек 2024 12:57 admin

“Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және патриотизм”

Каспий өңірі «Болашақ» колледжінде “Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және патриотизм” тақырыбында  топтар арасында тәрбие сағаты өткізілді.

Мақсаты:Білім адам бойына біткен ең мықты қару екенін, адамзаттың жетер ең биік шыңы білімді толық меңгерген күні екенін ұғындыру.Еңбекқорлық — адамды шыңға жетелеп, бар мақсатына уақытында жеткізетін қасиет екенін мысалдар арқылы дәлелдеу. Отаншылдық — келер ұрпақты еңбекке, өнер-білім машықтарын меңгеруге, отбасын, туған өлкесін, отанын сүюге, ар-намысын қорғауға және т.б. ізгі адамгершілік қасиеттерге баулу. Оның басты қағидасы Отанға, өзінің халқына, Атамекеніне деген сүйіспеншілік болып табылатыны туралы түсінік беру.