04 шілде 2024 17:07 admin

"Бітіруші түлек - 2024" салтанатты жиын

Каспий өңірі «Болашақ» колледжінің бітіруші түлектері  диплом алды. 2023-2024 оқу жылында 14 топ 305 түлек, соның ішінде үздік дипломмен 10 түлек аталған білім ордасын тәмамдады.

Диплом тапсыру салтанатты жиынында колледж басшысы Г.М.Қаламқали жас түлектерге сәттілік тілеп, үздік оқып, қоғамдық жұмыстарға қатысқан түлектерге алғыс хат және егеменді еліміздің өркендеуіне үлес қосатын білікті маман болатынына сенім білдіре отырып, жас түлектерге салтанатты түрде диплом табысталды. Үздік диплом иелері де марапатталды.

Колледж бен ата-аналар арасындағы ынтымақтастықты  нығайтқан ата-аналарға да алғыс хат табысталды. Ата-аналар тарапынан оқу орнына, басшысына, педагогтерге алғыс айтылып, балалары мен олардың достарына ізгі тілектерін арнады.

Біздің колледждің түлегі атағын абыроймен алып жүруіңізге тілектеспіз!

Келешегің кемел, болашағың нұрлы болсын, жас маман!