«Үздік куратор - 2024»
Каспий өңірі «Болашақ» колледжінің «Үздік куратор - 2024» колледжішілік байқауының ережесі жасақталып, турлар бойынша ұйымдастырылды.
І бөлім бойынша барлық қатысушытоп жетекшілердің тәрбие жұмысының портфолиосытексерілді. Портфолио тексеру барысында3-5 ұпаймен бағаланатын жүйе ұсынылады:
- Колледждің әлеуметтік парақшасына жариялануы (2-5 ұпай);
- Топ жетістігін дәлелдейтін құжаттар (2-5 ұпай);
- Тәрбие сағаттары сценарийлері, хаттамалар, фото есептері (2-5 ұпай).
Қазылар алқасының шешіміменең жоғары ұпай жинаған 15 куратор таңдалып, келесі турға өткізілді.
ІI бөлім бойынша «Куратордың бір күні» тақырыбында 2 минуттан аспайтын бейнебаян колледждің әлеуметтік парақшасында жүктелді:
- Бейнебаянның мағынасы(2-5 ұпай);
- Куратор мен студенттер арасында жүйелілік,ынтымақтастық, мәдениеттіліктің сақталуы(2-5 ұпай);
- Бейнебаянның сапасы(2-5 ұпай).
Қазылар алқасының шешіміменең жоғары ұпай жинаған 10 куратор таңдалып, келесі турға өткізілді.
ІІІ бөлім бойынша «Тәрбие құндылықтары: ұлттық мүдде, ар-ұят, талап» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында тәрбие сағаты өткізіліп, 3 минуттан аспайтын бейнебаян дайындалып, колледждің әлеуметтік парақшасында жүктелді.
Қазылар алқасының шешіміменең жоғары ұпай жинаған 5куратор таңдалып, келесі турға өтті:
- Тәрбие сағатының тақырыбының ашылуы(2-5 ұпай);
- «Тәрбие құндылықтарының насихатталуы(2-5 ұпай);
- Бейнебаянның сапасы(2-5 ұпай).
IV бөлім бойынша «Жұлдызды топ» додасында әр куратортобымен өнер көрсетті:
- Куратор мен топтың үйлесімді байланысы(2-5 ұпай);
- Актерлік шеберлігі(2-5 ұпай);
- Сахна мәдениетінің сақталуы(2-5 ұпай).
«Жұлдызды топ» додасынан қазылар алқасының шешімімен «Ең үздік куратор-2024» номинациясына П-23с/о, П-22с/о тобының кураторы М.С.Джаубаева, І орынға ПО-22-2, ВТ-21 тобының кураторы Б.С.Усенова,ІІ орынға ПО-23-4, ЭВТ-22 тобының кураторы А.Е.Тумаева, ІІІ орынға СЭЗ-22, СЭЗ-21-1 тобының кураторы Л.Б.Есеева, «Жаңашыл куратор» номинациясына ЭТМ-22 тобының кураторы А.С.Касымова ие болып, дипломдармен, сыйлықтармен марапатталды.