14 маусым 2024 11:09 admin

І курс студенттерімен жиналыс

2024 жылдың  13 маусымында  Каспий өңірі «Болашақ» колледжінде  І курс студенттерімен жиналыс ұйымдастырылды. Жиналыс барысында басшының тәрбие жұмысының орынбасары колледждің ішкі тәртіп ережесін  естеріне салып өтті. Ереже негізінде колледж формасының сақталуы туралы әңгіме қозғалды. Қауіпсіздікті сақтауда турникеттердің пайдасы туралы, сондықтан  да турникет карталарына  қажетті құжат ретінде  жауапкершілікпен қарауларын түсіндірді. Жаз мезгілінде суға шомылу кезіндегі сақтық шараларымен, терроризм актісінің қаупі туындаған немесе терроризм актісі жасалған жағдайдағы әрекеттер туралы жаднамамен таныстырып өтті.  Интернеттің зияны мен пайдалы жақтары да сатылай көрсетілді. Колледж психологы  қажет жағдайда психологиялық кеңеске келуге болатынын айтып, суицидтің симптомдарын  жіктеп, буллингтің алдын алуда сенім жәшігіне хабарлама қалдыру, сенім телефондарына хабарласу туралы баяндады. Оқу бөлімінің меңгерушілері сынақ, сессия туралы ақпарат берді. Кітапхана меңгерушісі жазда оқуға болатын қызықты көркем әдебиеттермен таныстырды. Тәжірибе бөлімі тарапынан теориялық білімді практикамен ұштастыруда мекемелер туралы мәлімет берді. Студенттердің сауалдарына жауап берілді. Бұл шараға 11 топ, 11 куратор, колледж әкімшілігі мен пән оқытушылары да қатысты.