«Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы тәрбие үдерісі: Құндылық пен инновация» тақырыбында өткен облыстық семинар
Тәрбие – ұрпақты биік мұратқа жетелейтін сапалы білімнің тұғыры, өлшеусіз қазына. Адам жанын игілікпен, ізгілікпен қуаттандырып, адами құнды қасиеттермен қанаттандырады. Қазақстан Республикасының оқу ағарту министрлігінің «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» - ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, ұлттық мүддені жоғары қоятын, өзінің туған жерін, Отанын қадірлейтін және оның әрі қарай дамуына серпін беретін, терең білімді, озық ойлы, адал және ұлттық болмысы айқын тұлға тәрбиелейтін бағдарлама.
Маңғыстау облыстық білім басқармасының «Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы» Каспий өңірі «Болашақ» колледжімен ұйымдастырылып өткізілген «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы тәрбие үдерісі: Құндылық пен инновация» тақырыбында өткен облыстық семинарда басшының тәрбие жұмысының орынбасары Г.Б.Джакаева мен колледж психологы Г.К.Көшербаева «Тәрбие тұғырын нысаналы индикатормен байланыстыру жолдары» тақырыбында тағылымды да әсерлі семинар-сабақ өткізді.