06 маусым 2024 16:19 admin

«Үздік куратор - 2024»  колледжішілік  байқауының төртінші туры өтті.

2024 жылдың  31 мамырында  Каспий өңірі «Болашақ» колледжінде тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес «Үздік куратор - 2024»  колледжішілік  байқауының төртінші туры өтті. Үш турдан өткен 5 куратор студенттерімен бірге «Жұлдызды топ» додасы айдарымен бақ сынасты. ПО-21-1, ВТ-22 тобының кураторы Б.С.Усенова әзіл әлемінен көрініс қойып, соңын үнді биімен аяқтаса, ЭВТ-22, ПО-23-4 тобының кураторы А.Е.Тумаева гитарамен ән салып, топ студенттерімен бірге заманауи би биледі. СЭЗ-22, СЭЗ-21-1 тобының кураторы Л.Б.Есеева мамандық әлемінде ән әуенімен көрініс көрсетсе, ЭТМ-22 тобының кураторы А.С.Касимова студенттерімен бір ән шырқады. П-23 с\о, П-22 с\о тобының кураторы М.С.Джаубаева «Менің атым Қожа» фильмін заманауи Қожа фильміне айналдырып, сахналады. Маусым айында өтетін педагогикалық кеңесте  жеңімпаздар  марапатталады.