06 маусым 2024 15:59 admin

Рәміздер күні

Каспий өңірі “Болашақ” колледжі 4 маусым мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында колледж әкімшілігі және студенттері арасында әнұран атылды. 1992 жылы дәл осы күні Қазақстанның мемлекеттік рәміздері – Ту, Елтаңба және Гимн бекітілді. Тәуелсіз елдің дәл осы атрибуттары мемлекеттің бірегейлігі мен егемендігін бейнелейді.

Ата-бабамыздың аңсап кеткен арманы мен азаттық идеяларын бойына сіңірген тәуелсіздігіміздің осы үш нышаны қазақстандықтарға рух береді.

Отанымыздың рәміздерін құрметтеу және қорғау – әрбір азаматтың қасиетті борышы.

Бейбіт аспанымызда тәуелсіздіктің көк туы желбіреп, елтаңбамыз айбынымызды асырып, әнұранымыз Ұлы даланың еркіндік үнін жеткізе берсін.