22 сәуір 2024 09:43 admin

Терроризм актісінің қауіпі туындаған немесе терроризм актісі жасалған жағдайдағы әрекеттер туралы

Каспий өңірі «Болашақ» колледжінде АӘД пәнінің жетекшісі Ж.Қ.Сарыбаев «Терроризм актісінің қауіпі туындаған немесе терроризм актісі жасалған жағдайдағы әрекеттер туралы»  жаднамамен  колледж ұжымын және студенттерді таныстырып өтті. «Жарылғыш құрылғылардың белгілері», «Жарылғыш құрылғылар орнатылуы  мүмкін орындар», «Эвакуация туралы ақпарат келіп түскен жағдайда», «Адамдарды кепілге алған жағдайда», «Арнайы операция басталған жағдайда»,  «Өрт шыққан жағдайдағы іс-әрекеттеріңіз» тақырыптарында түсінік жұмыстарын жүргізді.