Кәмелетке толмағандар арасында экстремизм мен терроризмнің алдын алу жөніндегі 2024-2026 жылдарға арналған жол картасы
Каспий өңірі «Болашақ» колледжінде «Кәмелетке толмағандар арасында экстремизм мен терроризмнің алдын алу жөніндегі 2024-2026 жылдарға арналған жол картасының» он екінші пунктіне сәйкес семинар-кездесу ұйымдастырылды. Семинарға МО ДІБ Ақпараттық-талдау орталығы КММ АТТ маманы Е.Төлеш, НS «Күзет» директоры С.К.Уразгалиев, басшының тәрбие жұмысының орынбасары Г.Б.Джакаева, АӘД пәнінің жетекшісі Ж.Қ.Сарыбаев, колледж психологы Г.К.Көшербаева, педагог-ұйымдастырушы Ж.Н.Шыңбай, кураторлар және студенттер қатысты. Семинар барысында КММ АТТ маманы Е.Төлеш «Қауіпсіздік ережелері туралы ақпарат» тақырыбында бейнебаян көрсету арқылы пікірталас ұйымдастырды. НS «Күзет» директоры С.К.Уразгалиев күзеттің тәртіп ережелерімен таныстырды. АӘД пәнінің жетекшісі Ж.Қ.Сарыбаев студенттерді «Терроризм актісінің қауіпі туындаған немесе терроризм актісі жасалған жағдайдағы әрекеттер туралы»
жаднамамен таныстырып өтті. Студенттер сауалдарына арнайы мамандар тарапынан заң аясында жауап берілді. Семинарғ-кездесуге қатысып, оқытушылар мен студенттерімізге өз тәжірибесімен бөліскен арнайы мамандарға алғысымыз шексіз.