22 сәуір 2024 09:36 admin

«Ең үздік куратор - 2024»

Каспий өңірі «Болашақ» колледжінің  «Ең үздік куратор - 2024»  колледжішілік  байқауының бірінші кезеңі бойынша барлық қатысушы  топ жетекшілердің тәрбие жұмысының портфолиосы  тексерілді. Портфолио тексеру барысында  2-5 ұпаймен төмендегідей жүйе бойынша бағаланды:

  • колледждің әлеуметтік парақшасына топ жетекшілерінің топпен өткізілген іс-шараларының жариялануы(2-5 ұпай);
  • топ жетістігін дәлелдейтінқұжаттары  (2-5 ұпай);
  • Тәрбие сағаттарының  сценарийлері, хаттамалар, фото есептері(2-5 ұпай)

Қазылар алқасының шешіміменең жоғары ұпай жинаған 15 куратор таңдалып, келесі турға өткізілді.