03 сәуір 2024 16:08 admin

«Болашақ аруы-2024» байқауы

Каспий өңірі «Болашақ» колледжінде ұлыстың ұлы күніне орай «Болашақ аруы-2024» қыз сыны байқауы өтті. Қазақ қызының бойындағы әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттылық, кішіпейілділік, сұлулық т.б жан-жақты қасиеттерін таныта білу, қазақ халқының ұлттық өнерін, салт-дәстүрін дәріптеуге үйрету, студенттердің танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шебірлігін дамыту, көпшілік алдында өзін-өзі ұстай білуге, мейірімділікке тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды. І курс студенттері арасында өткен бұл байқау жоғары деңгейде ұйымдастырылып, тартымдылығымен, қызыққа толы көріністерімен ерекшеленді. «Болашақ аруы-2024» байқауына қатысушылар төмендегідей бөлімдер бойынша бақ сынасты: «Мен қазақтың қызымын» таныстыру; «Өнерлінің өрісі кең» өнер көрсету; «Сұлулық сыры» сән үлгісі; «Фото лайк» инстаға фото жүктеу. Нәтижесінде: 1.Бас жүлде – ПиМНО-23с/о тобының студенті Құралбаева Жұлдыз; 2. І орын - А-23-2 тобының студенті Утежан Аяна; 3.ІІ орын – П-23-2 тобының студенті Новай Ақерке; 4. ІІІ орын – П-23-1 тобының студенті Мизамалиева Ұлмекен. Қалған қатысушы аруларымыз номинациялармен марапатталды.