26 наурыз 2024 17:42 admin

«Болашақ аруы-2024»

Каспий өңірі «Болашақ» колледжінде  ұлыстың ұлы күніне орай «Болашақ аруы-2024» қыз сыны байқауы өтті. Қазақ қызының бойындағы әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттылық, кішіпейілділік, сұлулық т.б жан-жақты қасиеттерін таныта білу,  қазақ халқының ұлттық өнерін, салт-дәстүрін дәріптеуге үйрету, студенттердің  танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шебірлігін дамыту, көпшілік алдында өзін-өзі ұстай білуге, мейірімділікке тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды.

І курс студенттері арасында өткен бұл байқау жоғары деңгейде ұйымдастырылып, тартымдылығымен, қызыққа толы көріністерімен ерекшеленді.

«Болашақ аруы-2024» байқауына қатысушылар төмендегідей бөлімдер бойынша бақ сынасты:

  1. «Мен қазақтың қызымын» таныстыру;
  2. «Өнерлінің өрісі кең» өнер көрсету;
  3. «Сұлулық сыры» сән үлгісі;
  4. «Фото лайк» инстаға фото жүктеу.

Нәтижесінде:

1.Бас жүлде – ПиМНО-23с/о тобының студенті Құралбаева Жұлдыз;

2. І орын - А-23-2тобының студенті Утежан Аяна;

3.ІІ орын – П-23-2 тобының студенті Новай Ақерке;

4. ІІІ орын – П-23-1 тобының студенті Мизамалиева Ұлмекен.

Қалған қатысушы аруларымыз номинациялармен марапатталды.